Мәтіндер тізіміне оралу
Өлшем бірліктері
B1 - Орта деңгей · 130 сөз

Өлшем бірліктері

Аудио плеер
0:00 --:--
Өлшем бірліктері Менің Дэвис қаласының орталығындағы сәрсенбі күнгі жәрмеңкеге барып ең алғаш алма алғаным есімде. Қазақстанда жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері болады. Ал АҚШ-тың Дэвис қаласында сәрсенбі мен сенбі күні болады екен. Бұл мені таң қалдырған бірінші жағдай. Ал екінші жағдай былай болды: Мен: - Алма қанша тұрады? Сатушы: - Фунты 10 доллар. Мен: - Килограммен айтыңызшы, мен фунтты түсінбеймін, кешіріңіз. Сатушы: - Сіз де мені кешіріңізші. Мен де килограмды білмеймін, мен тек фунтпен сатамын. Маған 1 фунт алма беріңізші, - деп айттым да әшәмнен ол неше килограмм екен деп ойлап, есептеп тұрмын. Сатушы: - Мінекейіңіз, 1 фунт алмаңыз, - деп маған ұсынды. Мен: - Дәмді алма сатқаныңызға рақмет, - деп жылы шыраймен қоштастым. Сонда Гүлжиһан неше кг алма алған? 1 фунт неше кг болады? (Жауабы: 1 фунт 0,454 кг.)
Differences in measurement units between KZ and the US