Өлшем бірліктері
Менің Дэвис қаласының орталығындағы сәрсенбі күнгі жәрмеңкеге барып ең алғаш алма алғаным есімде. Қазақстанда жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері болады. Ал АҚШ-тың Дэвис қаласында сәрсенбі мен сенбі күні болады екен. Бұл мені таң қалдырған бірінші жағдай. Ал екінші жағдай былай болды:
Мен: - Алма қанша тұрады?
Сатушы: - Фунты 10 доллар.
Мен: - Килограммен айтыңызшы, мен фунтты түсінбеймін, кешіріңіз.
Сатушы: - Сіз де мені кешіріңізші. Мен де килограмды білмеймін, мен тек фунтпен сатамын.
Маған 1 фунт алма беріңізші, - деп айттым да әшәмнен ол неше килограмм екен деп ойлап, есептеп тұрмын.
Сатушы: - Мінекейіңіз, 1 фунт алмаңыз, - деп маған ұсынды.
Мен: - Дәмді алма сатқаныңызға рақмет, - деп жылы шыраймен қоштастым.
Сонда Гүлжиһан неше кг алма алған? 1 фунт неше кг болады?
(Жауабы: 1 фунт 0,454 кг.)
English Translation
Differences in measurement units between KZ and the US