Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: көктем, жаз, күз және қыс. Көктемде табиғат оянады және гүлдер шығады. Жазда күн өте ыстық болады. Балалар жазда өзенге шомылуға барады. Күзде жаңбыр жауады және жапырақтар сарғаяды. Қыста жерді аппақ қар басады. Маған жаз мезгілі көбірек ұнайды. Әр мезгілдің өз сұлулығы бар. Адамдар жыл мезгіліне сай киінеді.