Нұрай – студент. Ол биыл Польшаға оқуға келді. Бірінші аптада студенттер танысты. Профессор: «Өз елің туралы айтыңдар», – деді. Нұрай Қазақстан туралы жазды. Ол Алматының алмасы туралы айтты. Алматы – апорт алмасының отаны. «Алматы» сөзі «алма» деген мағынаны білдіреді. Профессор мен студенттер таңғалды. Олар Қазақстан туралы көп білмейді. Сондықтан Нұрай күн сайын достарына өз елін таныстырғысы келеді.