Мәтіндер тізіміне оралу
Босжыра шатқалы
A2 - Базалық деңгей · 97 сөз

Босжыра шатқалы

Аудио плеер
0:00 --:--
Топтық саяхаттың екінші күні басталды. Саяхатшылар Бозжыраға келді. Ол Ақтау қаласынан 300 шақырым қашықта орналасқан. Асфальт жолмен мұнда тез жетуге болады. Бірақ турдағы шетелдіктер асфальт жоқ жолмен жетуді сұрады. Айдосқа бұл ерекше көрінді. Жазық дала, құм, бір терек жоқ. Жол ұзақ болды. Бірақ Бозжыраны көргенде қиындықтың бәрі ұмытылды. Аппақ жазық даладағы ерекше таулар. Миллиондаған жылдар бұрын бұл жерде Тетис мұхиты болған. Оның суы тартылғаннан кейін осы шатқал пайда болған. Ол бор, әктас және мергельден қалыптасқан. Турдағылардың бәрі таңқалды. Бір шетелдік турист жерден ежелгі теңіз жәндіктерінің қабығын тапты. Айдос та оны ұстап көрді. Ол Бозжыраға келгеніне қатты қуанды.