Мәтіндер тізіміне оралу
Торыш алқабы
A2 - Базалық деңгей · 98 сөз

Торыш алқабы

Аудио плеер
0:00 --:--
Айдос Ақтау қаласына ұшақпен жетті. Әрі қарай көлікпен саяхатқа шықты. Арнайы тур сатып алды. Бірінші бағыты – Торыш. Бұл – қаладан 100-120 шақырым қашықта орналасқан тастар алқабы. Айдос ол туралы көп естіді. Алқапқа екі сағатта жетті. Ол бірден тастардың санына таңқалды. Біреу не екеу емес, алпыс шақырым жерде өте көп тас шашылып жатыр. Тастардың бәрі шар тәріздес. Кейбір тастардың биіктігі адамның бойынан да асады. Турдағы кісілер бұл тастардың 120-180 миллион жыл бұрын пайда болғанын айтты. Айдос сене алмады. Үлкен тастардың қасында суретке түсті. Кейбір тастарға қолын тигізіп көрді. Олар қатты және салқын болды. Айдосқа осының бәрі таңғажайып көрінді.