Мәтіндер тізіміне оралу
Отбасылық кәсіп
A2 - Базалық деңгей · 111 сөз

Отбасылық кәсіп

Аудио плеер
0:00 --:--
Біздің отбасымыздың өз кәсібі бар. Біз киіз үйдің жиһаздарын жасаймыз. Бұрын бұл жұмыспен әкем мен екі ағам айналысты. Осы аптадан бастап мен де оларға көмектесе бастадым. Басында маған бұл жұмыс ұнамады. Бірақ кейін қызығушылығым артты. Мен бұрын әр жиһаздың үлкен мағынасы бар екенін білмедім. Оларды жай ғана ағаш деп ойладым. Бұл жұмыстың өте қиын әрі маңызды екенін енді түсіндім. Бұл – атадан балаға қалатын үлкен өнер. Әр адам шебер бола алмайды. Әкем бұл өнерді атамнан үйренген. Ал мен қазір әкем мен ағаларымнан үйреніп жүрмін. Мен әр жиһаздың ерекшелігі мен құндылығы туралы жазып алдым. Болашақта бұл кәсіпті өзім жалғастырғым келеді. Біздің жасаған бұйымдарымыз адамдарға қуаныш сыйлайды. Мен өз отбасымның шеберлігін мақтан тұтамын.