Мәтіндер тізіміне оралу
Аяз ата
A1 - Қарапайым деңгей · 78 сөз

Аяз ата

Аудио плеер
0:00 --:--
Он жасыма дейін Аяз ата барына сендім. Аппақ сақалы, әдемі шапаны бар ата деп елестеттім. Шанамен ұшып келіп, сыйлықтар әкеледі деп ойладым. Жыл сайын Аяз атадан керек затымды сұрап, хат жазып жүрдім. Бір күні әкемнің тәттілерді орап жатқанын көріп қалдым. Келесі күні мұны Аяз ата қойып кеткенін айтты. Қатты ренжідім. Бірнеше күн сөйлемей қойдым. Ғажайыпқа сенбейтін болдым. Есейе келе ата-анамыз біз үшін ғажайып жасауға тырысқанын түсіндім. Қазір жаңа жылды асыға күтемін. Себебі әкемнің шырша астына сыйлықтар қоятынын білемін.