4-мәтін
Бір алақан. Бір сәт. Бір төлем.
Мен еліме Қазақстанға келгенде бір қызықты жаңалықты көрдім. Басында бұл жаңалыққа күмәнмен қарадым, кейін бұл жаңалықтың пайдасын көріп, оның жақсы құбылыс екенін түсіне бастадым.
Бұл қызықты жаңалықтың аты - Каспий алақан немесе Kaspi Alaqan.
Жағдай былай болды:
Мен дүкенге, банкке барсам көп жерде алаққанның фотосы тұрды. Мен түсінген жоқпын. Банкке барып, кеңесшіден сұрадым:
Каспий алақан дегеніміз не?
Кеңесші: - Бұл жаңа төлем жүйесі.
- Қалай жұмыс жасайды?
- Сіз алақаныңызды аппаратқа жақындату арқылы төлем жасай аласыз.
- Қалайша?
- Мінекей, қараңыз. Kaspi Alaqan – бір ғана жанасу, - деп маған көрсетті.
- Ғажап!
- Төлем жасаудың ең жеңіл жолы — сіздің алақаныңыз.
- Бұл сенімді ме?
- Әрине. Сіздің алақаныңызды банк жүйесіне тіркейміз. Сол бойынша кез келген уақытта, көптеген жерде, мәселен дүкендерде, ресми орындарда төлей аласыз.
- Иә, иә. Кейде мен карточкамды ұмытып кетемін немесе телефонымның заряды таусылып қалған жағдайда, мені алақаным құтқарады ғой, рас па?
- Дұрыс айтасыз!
- Бір қызығы, мен мұндайды АҚШ-тан көрмедім, яғни 2025 желтоқсанына дейін.
- Қазақстан алғашқы болып алақан төлем жүйесін енгізді. Бұл төлем тәсілі көптеген мемлекеттерде жоқ. Біз бұндай технологиялық жетістіктерімізбен мақтанамыз.
- Қанекей, менің алақанымды тіркеңізші. Технологияның жетістіктерін пайдаланғым келеді.
- Қосылу үшін фотоверификациядан өтіп, құжаттарға қол қойып, ПИН-код орнату қажет. 1 минут ішінде дайын болды.
- Ооо, әрі тез, әрі ыңғайлы. Смарт технологияны көрсеткеніңіз үшін рақмет айтамын.
- Алақаныңыз — бүкіл төлем әлемі. Игілігіңізге пайдаланыңыз. Берекелі алақан тілеймін!
- Айтқаныңыз келсін. Қазақстанда IT салсасы мені жыл сайын таң қалдырып жүр. Бұл халықтың өмірін жеңілдетіп, қағазбастылықтан құтқарып, уақытты үнемдейді екен. Өмір неткен ғажап!
Әлемді өзгертті үнсіз бір қадам,
Алақанда – цифрлы бір ғалам.
Жәй ғана қол емес — мүмкіндіктер есігі,
Әр ізінде технология ізі.
Kaspi Alaqan — уақыттың лебі,
Қолыңда тұрғандай ертеңнің өзі
Ағылшынша аудармасы
Kaspi Alaqan palm payment technology in Kazakhstan