Мәтіндер тізіміне оралу
Самса
B1 - Орта деңгей · 152 сөз

Самса

Аудио плеер
0:00 --:--
Самса Самса салма ма әлде самсаның салмасы ма? Самса Орта Азия халықтарының сүйікті тағамы. Мен шетелдік достарымды үйге қонаққа шақырып, оларға самсаның жасалу жолын көрсеттім. Жағдай былай болды: Хелена: - Бұл неден жасалады? - деп сұрағынан басталды. Мен: - Ол қамырдан жасалады. Оның ішіне салынатын тамақты салма дейміз. Хелена: - Самса? Салма? Иә, дәл солай. Самсаның ішіне салма салынады. Салма әртүрлі болады, ет пен пияз, кейде сыр мен фарш салынады. Қандай түрлері болады? Етті самса, сыр қосылған самса, тауық еті бар самса түрлері бар. Қайда пісіріледі? Ыстық пеште, отта, духовкада пісіріледі. Мінекей, дайын болды, жеп көрші. Ыстықтай өте дәмді ғой. Иә, самса — дәмді әрі тойымды тағам. Ас болсын. Қазақта мынадай мақал бар: “Асың барда ел таны, беріп жүріп, Атың барда жер таны, желіп жүріп”. Қонаққа шақырып, ас беріп, бірге тамақтану арқылы қазақтар қарым-қатынасты (коммуникацияны) құруға, танысуға, дос болуға ниетті болған. Ғажап философия! Түсіндіргеніңе әрі дәмді асты пісіруді үйреткеніңе рақмет. Оқасы жоқ.
How to make traditional samsa pastry