Мәтіндер тізіміне оралу
Қазақтың шәй ішу дәстүрі
B1 - Орта деңгей · 359 сөз

Қазақтың шәй ішу дәстүрі

Аудио плеер
0:00 --:--
Мен АҚШ пен Қазақстанның екі елдің арасындағы шәй әшу дәстүрінің арасындағы айырмашылықты көрдім. Жағдай былай болды: Алақай, мені Америкалық жолдастарым кешкі асқа шақырды. Олардың үйін көремін, дастарханынан дәм татамын, жаңа адамдармен танысамын. Тіл білу деңгейімді көтеремін, сөйлесіп, сұрақ қоямын, жаңа нәрсе үйренемін. Ең бірінші рет қонақ болып бардым. Бәрі жаңа, бәрі таңсық, жаңа орта. Аздап қобалжып тұрмын. Қалай болар екен?! Нені айту керек?! Нені айтпау керек?! Өзімді қалай ұстауым керек?! Америкалықтар еркін халық, сол себепті кішкене уақыт өткен соң өзімді жайлы, еркін сезіне бастадым. Силвия құрбым: - Қандай сусын ішкің келеді? Бізде көп адам газдалған су ішеді, ішінде қанты да жоғы бар, олардың зияны аз. Мен: - Шәй ішемін, рақмет. Силвия: - Мінекей, шәй. Ішіне мұз салайын ба? Мен: - Не?! Жоға, - дедім таң қалып. Шәйді ішіп көрсем салқын шәй екен. Мен: - Ғафу етші, бұл салқын шәйді іше алмаймын, - дедім сыпайы үнмен. Силвия: - Онда қандай шәй ішесің? Мен: - Ыстық шәй, - дедім жымиып. Ол: - Мәә, ыстық жазда ыстық шәй ішемісің?! - деп қайран қалды. Мен: - Иә, соның дәл өзі. Қазақстанда ыстық мезгілде де ыстық шәй ішкенді өте жақсы көреді. Силвия: - Қызық екен, осы туралы баяндап берші. - деп өтінді. Мен баяндай жөнелдім: - Қазақстанда сусынның түр-түрі бар. Ұлттық сусындармен қатар, су, шәй, кофе, шырын ішеді. Әсіресе ыстық шәйді жақсы көреді. Мұз қосылған шәй сұрасаңыз, сізді түсінбей қалуы мүмкін. Қазақтар шәйдің түр-түрін ішеді: қара шәй, сүтті шәй, көк шәй, жемістер қосылған шәй. Қазіргі уақытта «Тәшкен шәйі» деген шәйдің түрі трендте. Шәйді барлық жерде үйде, қонақта, жұмыста, конференцияда, жиналыста ішеді. Шетелдегі кофехана секілді, шәй ішу кезінде адамдар бір-бірімен сөйлеседі, ақылдасады, келіседі. шәй ішу барысында көптеген мәселелер кейде оңай шешіледі. Сол үшін іскер адамдар серіктесін шәй ішуге шақырады. Қазақстанда шәйға шақырса адамдар қуанады. Себебі тек қана шәй ішіп қана қоймайды, шәймен бірге мол дастархан жасалады. Дастарханда тәтті бәліштер мен торт, кекстер, жаңғақтар, жент, тары мен талқан, көптеген дәмді тамақтар болады. Яғни шәй ішу бұл мәдениет пен қонақжайлық, кездесу мен келісу, сөйлесу мен сырласу. Сені қазақша шәй ішуге қонаққа шақырамын. Сен қандай шәй ішкің келеді? Силвия: - Ооо, тамаша ұсыныс. Тәшкен шайын ішіп көрмедім, мүмкін, соны дайындап берсең қайтеді, а?! Мен қуана-қана барамын, шақырғаныңа рақмет.
Kazakh tea ceremony traditions compared with American customs