Мәтіндер тізіміне оралу
Құда деген кім?
B1 - Орта деңгей · 105 сөз

Құда деген кім?

Аудио плеер
0:00 --:--
Қазақтың ең құрметті, ең сыйлы туысы – құдасы. Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері. Ал жас жұбайлардың әжелері мен аналары бір-біріне құдағи болады, кей өңірлерде оларды құдағай деп атайды. Бұл туыстық жастар отау тігіп, отбасын құрған сәттен басталады. «Құда күту» деген дәстүр бар. Бұл тойға екі жақ та үлкен дайындықпен келеді. Аста-төк дастарқаннан бөлек, құдалар жақтан келген қонақтың әбіріне арнайы үлкен сыйлықтар ұсынылып, сый-сияпат көрсетіледі. Көрсетіліп жатқан сый-сыйапатқа олар да қарап қалмай, ақшалай рақметтерін білдіріп жатады. Қысқасы, қазақ дәстүріндегі құда күту салты бір әулет үшін президент күтуден кем түспейді. Әрбір қазақ білетін «қазақ осы құдаларын құдайындай сыйлайтын» деген өлең жолдары осыдан шықса керек.
About the Kazakh kinship term quda