Мәтіндер тізіміне оралу
Қазақ ғалымы әлемдегі ең беделді 2% ғалымдардың рейтінгінде
B2 - Ортадан жоғары · 201 сөз

Қазақ ғалымы әлемдегі ең беделді 2% ғалымдардың рейтінгінде

Аудио плеер
0:00 --:--
Рәтбай Мырзақұлов – Стэнфорд университетінің рейтингі бойынша «әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ына» кірген қазақ ғалымы. Ол 2022 жылы ғылыми-зерттеу саласындағы үздік жетістіктері үшін физика және астрономия саласындағы халықаралық Scopus премиясына ие болған. Ғалым – «Мырзақұлов гравитациясы» (Myrzakulov gravity) теориясының, «Мырзақұлов теңдеуі» (Myrzakulov equation) және «Мырзақұлов-Лакшманан теңдеуінің» (Myrzakulov-Lakshmanan equation) авторы. Оның аталған еңбектері қазіргі физика ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Ұзақ уақыт АҚШ, Үндістан, Ресей және Батыс Еуропаның жетекші халықаралық ғылыми орталықтарында жұмыс істеді. Р.Мырзақұлов 2009 жылы Калифорния университетінің Математика департаментінде (Беркли, АҚШ) және Лоуренс атындағы Ұлттық зертханасында (Беркли, АҚШ) жұмыс істеп, америкалық математиктер мен физиктермен бірге зерттеу жүргізді. Қазір Р.Мырзақұлов 71 жаста. Ол 1954 жылы 1 ақпанда туған. Апасы мен атасының тәрибесінде болған. Мектепті бітіргеннен кейін 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне физика факультетіне түсіп, оны 1979 жылы аяқтаған. Содан кейін Ресейдің Дубна қаласында аспирантурада оқыған. Кейін Мәскеуде кандидаттық диссертациясын, 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторлық диссертациясын қорғаған. Бір қызығы ғалымның тегі әкесінің атында болғанымен, әкесінің атының орнына «Қағазұлы» деп анасының атын жазғызған екен. Ғалымның өзі мұны ата-анасына деген махаббатының көрінісі деп санайды. Ғалымның балалары да өзі сияқты ғылыммен айналысады. Оның шәкірттері тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, АҚШ, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Италия және т.б. ғылыми орталықтарда жұмыс істейді.