Мәтіндер тізіміне оралу
ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
B1 - Орта деңгей · 98 сөз

ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

Аудио плеер
0:00 --:--
Мәди үнемі ойланып жүреді. Ойына неше түрлі сөздер келеді. Ол соны қағазға түсіреді. Кейде өшіріп, кейде шимайлап тастайды. Ашуланып, қағазын жыртып тастайтын кездері де болды. Бірақ бір нәрсеге сенеді. Ақын болсам деп армандайды. Бүгін де таң атпай оянып алды. «...Терезеден көрінеді қалың қар, Қалың қарда естіледі адымдар. Аппақ болып жауған ақ қарды, Көріп тұрған мына менің бағым бар». Жап-жақсы шыққан сияқты, ұйқасы да бар. Өмірге деген сүйіспеншілігі оянып, төсегінен тез тұрып кетті. Шайын ішіп алып, далаға шықты. Балалар қармен атысып жүр. Екі бала аққала жасап жатыр. Олардың жанында күшік жүгіріп жүр. «Өмір сүру қандай рақат!», деп ойлады ішінен.
A young poet''s love for life