Мәтіндер тізіміне оралу
Түрлі түс
A2 - Базалық деңгей · 55 сөз

Түрлі түс

Аудио плеер
0:00 --:--
Кеше өзіме қара түсті күрте сатып алдым. Қызым бұған ренжіді. «Әкетай, неге түрлі-түсті киім кимейсіз?» - деп сұрады. Қызым мен әйелім сары, ашық жасыл, алқызыл түстерді ұнатады. Ал маған қара түс ұнайды. Телефоным да қара, көлігім де. Бірақ сол қап-қара көлігімнің ішінде қып-қызыл бір ойыншық бар. Ол – қызымның былтырғы сыйлығы. Сол ойыншықты жанымнан тастамаймын.