Менің есімім – Айдана. Атымды анам қойды. Айдай сұлу әрі дана болуымды тіледі. Ал анамның есімі – Гүлнәр. Ол «анар гүлі, ең әсем гүл» деген мағына береді. Қазақ қыз есімдерінің көбінде «гүл» сөзі бар: Айгүл, Әсемгүл, Гүлдана... Ал ұл балалардың есімдеріне «ер», «бек», «нұр» деген сияқты сөздерді қосады.