Күнде кешке аулада жастармен баскетбол ойнаймыз. Арамыздағы ең жақсы ойыншы – Сұлтан. Оның бойы ұзын, өзі епті. Сұлтан – менің досым. Екеуміз бір топта ойнаймыз. Мен Сұлтанға «пас» беремін, ол допты себетке салады. Сұлтан биыл қаланың баскетбол тобына қосылады.