Back to texts
ФУТБОЛ
B1 - Intermediate · 88 words

ФУТБОЛ

Audio player
0:00 --:--
1998 жылы футболдан әлем чемпионаты өтті. Францияда өткен чемпионат көп баланы қызықтырды. Балалар футболға қатыса бастады. Жақсы дос тапты. Жаз бойы аулада доп тебеді. Бос уақытты көңілді өткізеді. Бірде балалардың бірі допты қатты теуіп, аулаға жақын тұрған үйдің терезесін сындырып алды. Қорқып қашып кетпек болған. Бірақ ұялды. Үйдің иесі балаларға ренжіген жоқ. Өйткені ол да футболды жақсы көретін. Тек ескерту жасады. Сол балалар 20 жыл өткен соң атақты футболшы болды. Әрқайсысы жақсы командада ойнайды. Олар Қазақстан деген елді әлемге танытты. Спорттың ең жақсы жағы да осы деп ойлаймын.
Boys who played football grew up to become famous players