Back to texts
СПОРТШЫ БАЛА
B1 - Intermediate · 90 words

СПОРТШЫ БАЛА

Audio player
0:00 --:--
Әкем екеуміз бүгін де ерте тұрдық. Қазір ауыл шетіндегі өзенге жүгіріп барамыз. Сол жерде жаттығу жасаймыз. Қаладағыдай жаттығу залы жоқ. Тас көтереміз, оны алысқа лақтырамыз. Мен жаттығудан кейін үйге барып, жуынамын. Себебі сабаққа баруым керек. Спортпен айналысқанның арқасында күні бойы сергек жүремін. Ал қыста шаңғы тепкенді жақсы көремін. Таза ауада шаңғымен сырғанаған өте ұнайды. Маған ауыл балалары қызыға қарайды. Өйткені олардың әкелері менің әкем сияқты емес еді. Менің әкем бәрін үйретеді. Былтыр мен аудандық жарысқа қатыстым. Шаңғы тебуден 1 орын алдым. Сөйтіп ауылдағы мықты спортшы атандым. Бірнеше рет жүлде алдым.
A sports-loving child who trains with their father