Back to texts
Апта күндері
A1 - Beginner · 53 words

Апта күндері

Audio player
0:00 --:--
Бір аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі. Бес күн бойы адамдар жұмыс істейді. Балалар мектепке және балабақшаға барады. Дүйсенбі – аптаның ең ауыр күні. Жұма – аптаның соңғы жұмыс күні. Сенбі мен жексенбіде бәрі демалады. Менің ең сүйікті күнім – сенбі. Біз сенбіде отбасымызбен тауға барамыз.