Back to texts
Каспий теңізі
A2 - Elementary · 72 words

Каспий теңізі

Audio player
0:00 --:--
Айдос жазғы демалысында Маңғыстауға келді. Осында бір апта болады. Маңғыстаудың әдемі жерлерін көруді жоспарлап отыр. Каспий теңізінен бастады. Айдос мұнда бес жыл бұрын келген. Бес жылдың ішінде теңіздің айналасына әдемі қонақ үйлер, мейрамханалар, ғимараттар салыныпты. Серуендеуге, демалуға ыңғайлы. Теңіз жағасында біреулер әңгімелесіп, біреу жүгіріп, серуендеп жүр. Айдос та теңіздің жағасында бірнеше сағат серуендеді. Оған теңіздің ауасы ұнады. Күннің батуын күтті. Күн батқанда аспан ерекше әдемі көрінді. Айдос осы көріністі көргеніне қатты қуанды.