Айдана Шығыс Қазақстанға сапарында ол жақтың дәмі мен табиғаты мүлдем бөлек екенін түсінді. Шығыс – нағыз орманды өлке. Сондықтан дүкендерде орман өнімдері өте көп. Айдана бір кішкентай дүкенге кіріп, таңғалды. Дүкен сөрелерінде балдың бірнеше түрі және балқарағайдың дәндері тұр екен. Ол жерден тек тамақ емес, шөптен жасалған дәрі-дәрмектерді, сабындар мен иіссуларды көрді. Тіпті бетке жағатын кремдер де табиғи балдан жасалған. Барлығы – таза, табиғи өнімдер. Айдана дүкен ішінен араның ұясын да тауып алды. Ол өзіне ерекше заттар сатып алды. Әсіресе, шөптен дайындалған сағыз Айдананың есінде қалды. Сағыздың дәмі де, иісі де ерекше еді. Тағы бір қызығы – дүкендегі таразы өте ескі болды. Айдана сатушыдан бұл ескі таразыны қалай қолдану керектігін үйренді. Ол өзін басқа бір әлемде жүргендей сезінді. Айдана «Мұндай табиғи дүкендер бүкіл Қазақстанға керек» деп ойлады. Ол дүкеннен жақсы көңіл-күймен шығып, алған сыйлықтарын достарына көрсеткісі келді. Бұл Айдана үшін ең қызықты сауда болды.