Айдана Шығыс Қазақстанға сапарында қызық тәжірибе жасады. Ол бейтаныс үйге қонаққа барды. Қазақ халқында бұл салтты «құдайы қонақ» деп атайды. Қазақтар «қонақпен бірге үйге береке келеді» деп сенеді. Сондықтан жолаушыны қарсы алу және тамақтандыру – үлкен міндет. Қонақты үйге кіргізбеу әулет үшін ұят саналады. Осы салттың арқасында ата-бабаларымыз алыс жолға қорықпай шыққан. Айдана Оралхан Бөкейдің ауылында екі үйге қонақ болды. Ол жерде екі-үш күн тұрды. Бұл саяхат Айданаға қатты ұнады және ол таңғалды. Себебі қазіргі уақытта туысқанның үйіне барудың өзі қиын. Ал Айдана бейтаныс адамдардың үйінде болды. Үй иелері оны жақсы күтіп алды, дәмді тамақ берді және ауылды көрсетті. Айдана бұл қонақжайлылықты ешқашан ұмытпайды.