Айдана биыл мұражайларды аралауды шешті. Ол ең алдымен Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылына барды. Онда атақты жазушы Оралхан Бөкейдің мұражай-үйі орналасқан. Айданаға ауыл өте ұнады. Ол жердің табиғаты көркем: биік Шыңғыстай тауының баурайында, өзеннің жағасында тұр. Ауыл адамдары өте қонақжай. Көптеген туристер мұнда жазушының үйін көру үшін арнайы келеді. Айдана үшін Алтай мен Оралхан – егіз ұғым. Ол Оралханның кітаптарын оқып, Алтай табиғатына ғашық болды. Сондықтан бұл жерге келу ол үшін өте маңызды еді. Мұражайдың іші ерекше. Ондағы заттар мен жиһаздар 50-60-жылдарды еске түсіреді. Үйдің іші бұрынғы қалпында жақсы сақталған. Айдана мұражайды аралап жүріп, өткен уақытқа саяхат жасағандай болды.