Олимпиада – барлық спортшы үшін үлкен мереке. Ал оны жеңу – спортшылардың үлкен арманы. Әсет финалға дейін жетті. Бұл күнді ұзақ күтті. Қандай қиындықтардан өткенін өзі және жаттықтырушысы ғана білді. Финалдың алғашқы секундтарында қарсыластарынан қалып қойды. Барынша тырысты. Бірінші кедергіден жақсы өтті. Жылдамдығын арттырды. Үш спортшыны артта қалдырды. Әрі қарай бәрі түс сияқты өтті. Мәре сызығына бірінші келгенін өзі де түсінбеді. Марапаттау сәтінде Қазақстанның туын көргенде ғана жылап жіберді. Спортты таныстырған атасы және бала кезде шаңғы тебуді үйренген жері - Шымбұлақ есіне түсті. Атасының да, Әсеттің де арманы орындалды. Әсет – олимпиада чемпионы.