Әсет бала кезде аурушаң болды. Ата-анасы денсаулығына пайдалы деп қысқы спорт түріне бергісі келді. Алайда хоккейге, мәнерлеп сырғанауға бірнеше рет барып, тастап кетті. Ауыра берді. Бір күні ауылдан атасы келді. Ол тауға барғанды жақсы көреді. Солай бірінші рет Әсетті Шымбұлаққа алып барды. Әсетке шаңғышыларды бақылаған ұнады. Атасы соны байқап, шаңғы спортына берді. Бірінші күні ауырды. Кейін үйреніп кетті. Шынайы қызығушылығы пайда болғанда атасы немересі үшін қалаға көшіп келді. Күнде жаттығуға алып барды. Спорт киімін, шаңғы сатып алып берді. Сондықтан Әсет алғашқы жеңісін атасына арнады.