Back to texts
Ата үміті
A2 - Elementary · 77 words

Ата үміті

Audio player
0:00 --:--
Әсет үшін бүгін маңызды күн. «Шымбұлақта» достарымен кездеседі. Шымбұлақ – Алматыдағы әйгілі тау шаңғысы курорты. Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. Шымбұлақ «шың» және «бұлақ» сөздерінен шыққан. Таудан ағатын бұлақ деген мағынаны білдіреді. Әсет мұнда ең алғаш алты жасында атасымен бірге келді. Атасы шаңғыға қызығушылығын байқап, тау шаңғысы спортына берді. Немересінің барлық жарыстарына, жаттығуларына қатысты. Ал бүгін ол – олимпиада чемпионы. Жиырма жылдан соң Шымбұлаққа чемпион болып ораламын деп ойламады. Бірақ атасы оған әрқашан сенді. Атасының үміті ақталды.