Back to texts
Болған оқиға
B1 - Intermediate · 190 words

Болған оқиға

Audio player
0:00 --:--
Кеше ауылға қаладан Азамат келді. Әжесімен біраз әңгімелесті, туыстарын көрді, ауылды аралады. Ауылдың шетінде бір төмпешік бар, жанында бір-екі ағаш өсіп тұр. Бала кездерінде Азамат пен достары сол маңға көп барған. Жиналып, ойын ойнаған. Тіпті төбенің астына көмілген затты қазып алуға тырысқан. Бір күні мектеп күзетшісі Азамат пен достарын төмпешіктің маңында көріп қалды. «Бұл сендерге ойыншық емес, - деген еді күзетші. – Бұл төбенің астында жарылғыш зат көмілген. Жақындамаңдар, әрі жүріңдер». Сол кезден бері Азамат да, оның достары да төбенің жанына да, тіпті маңайына да бармаған. Қазір Азаматтың жасы қырықтан асты. Тоқсан бірінші жылы полигон жабылған кезде Азамат небәрі жеті жаста болған. Ауыл шетіне көмілген темір сынықтарын ересектер «жарылғыш зат» деп атап, балаларды ол жаққа жақындатпаған. Түсініксіз, оғаш естілетін «радиация» деген сөздің мағынасын Азамат кейінірек, жетінші сыныпта бір-ақ түсінген. Қазір төмпешікті шөп басып, жанындағы ағаштар жайқалып тұр. Астындағы «жарылғыш заттың» баяғыда үні өшкен. Азамат ауылға соңғы рет бір көз салды да, үйіне бет алды. Ертесіне Азамат Семейге қайтты. Көлікте отырып, жаңағы төмпешікке, шөпке, ағаштарға тағы бір қарады. Үлкен ағаштың астында үш-төрт бала ойнап отыр. Бірі төбенің үстіне шығып алып, өткен-кеткен көлікке қол бұлғайды. Азамат балаларға қол бұлғады да, көлігін жылдамдатты.