Back to texts
Енші
B1 - Intermediate · 79 words

Енші

Audio player
0:00 --:--
«Енші» сөзі көне түркі тіліндегі «инчу», яғни «мұра» деген мағынаны білдіреді. Оны балалары ержеткенде, жеке отау болып бөлініп шыққанда ата-анасы жинап-тергенінің бір бөлігін атап береді. Егер үйленген азаматтың отбасының әл-ауқаты жақсы болмаса, жағдайы жақсы туысқандары өзара бірлесіп, отау болуына көмектескен. Содан болар қазақ халқында жас отбасының баспанасыз қалған кездері өте сирек болған. Мысалы, Абайдың атасы Өскенбай Құнанбайды он тоғыз жасында үйлендіріп, өзі отырған Тасқораның күншығыс жағындағы сайдың алдына қондырады. Өскенбай өзінінің отыз шақты жылқысының он екісін Құнанбайдың еншісіне береді.
The Kazakh tradition of giving inheritance to married children