Әсем осы жылы бірінші сыныпқа барды. Оның кішкентай марғауы бар. Марғауды оған туған күнінде ағасы сыйлаған. Өзі сондай аппақ, сүйкімді. Оған Әсемнің өзі Көжек деп ат қойған. Көжек деп қазақтар қоянның баласын атайды.
Бүгін сабақтан шыққан соң анасымен бірге марғауға түрлі ойыншықтар сатып алған еді. Әсем үйге келген соң киімін ауыстырды. Бірақ үйде марғаудың дыбысы шықпағанын байқады. Сөйтіп марғауын іздей бастайды. Ас бөлмесінде жоқ. Жатын бөлмесінде жоқ. Қонақ бөлмесінде жоқ. Әсем жылап қалды. Кішкентай марғау қайда кетуі мүмкін? Әсем анасының бөлмесіне барады. Сөйтсе марғау Әсемнің анасының әшекейлер қобдишасының ішінде ұйықтап жатыр екен.
Әсем: «Қарашы, Көжек, мен саған ойнайтын қандай керемет ойыншықтар сатып алдым. Ал сен болсаң, менің мамам сияқты әшекейлерді жақсы көреді екенсің!» – деді, бір қолымен көзінің жасын сүртіп, бір қолымен әлі ұйықтап жатқан марғауын басынан сипап.