Back to texts
Қазақтың үйлену тойы
B2 - Upper Intermediate · 252 words

Қазақтың үйлену тойы

Audio player
0:00 --:--
Қазақ халқы үшін үйлену тойы – ерекше мағынасы бар, дәстүрлерге бай ең үлкен той. Онда ата-бабаларымыздың өмірлік қағидалары мен тәрбиелік мәні жоғары дәстүрлер сақталған. Бұл рәсімдер ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақтың үйлену тойы бірнеше күн тойланады және бірнеше этаптан тұрады: Құда түсу – үйлену тойының алғашқы қадамы. Жігіттің жақындары қыздың үйіне арнайы келіп, құда түсіп, келісім сұрайды. Егер екі жақ келіскен жағдайда, құдалар арасында арнайы сый-сияпаттар алмасу дәстүрі жасалады. Қызға қалың малы берілетін болған. Қалың мал – қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүр, оның көлемі қыздың ата-анасының әлеуметтік жағдайына байланысты өзгерген. Қыз ұзату – келіннің өз отбасымен қоштасу салтанаты. Бұл күні қыздың үйінде үлкен той ұйымдастырылып, оған туыстар, дос-жарандары жиналып, қыз жасауы жасалып, қызды шығарып салады. Қыздың ата-анасы және туыстары оның жаңа шаңырақта қиындық көрмей, жайлы өмір сүруі үшін төсек-орын, тұрмыстық заттар, киім-кешек және жаңа үйге қажетті бұйымдар берген. Жас келін жаңа үйге келгенде келін түсіру рәсімі орындалған. Басына ақ орамал жауып, береке молшылық әкелсін деп шашу шашқан. Ақ отауына әулеттің абыройлы екі жеңгесі екі жағынан ұстап, үйге кіргізген. Келген келіннің бетін ашу дәстүрі «Беташар» деп аталған. Бет ашатын адам келінге ақыл - өсиетті домбырамен әндетіп айтқан. Жас келіннің бетін ашып, үлкендер оған ақ батасын берген. Жас отау иелеріне бата беру маңызды болған. Үлкендер оларға ұзақ ғұмыр, татулық пен молшылық тілеп, ақ батасын арнаған. Бұл дәстүр олардың жаңа өмірін жақсылықпен бастауға мүмкіндік берген. Келесі күні құдалық. Одан кейін екі жақтың жақындары жиналған үлкен той жасалған. Осылай той бірнеше күнге созылуы мүмкін болған. Бұл отбасы үшін үлкен қуаныш әрі ерекше оқиға болып саналған.
Kazakh wedding traditions and ceremonies