Бүгін жексенбі. Еділ әкесімен орманға келді. Орманда мөлдір өзен бар. Әкесі екеуі өзен жағасына шатыр құрды. Сосын қармақтарын шығарды. Екеуі бірге балық аулауға кірісті. Екеуі бір-біріне жақын жерде қармақтарын тастады. Біраз уақыт өтті. Балық жоқ. Еділ өзеннің басқа жерінен балық аулағысы келді. Өзен бойымен жүре берді. Әкесінен алшақтап кетті. Қармағын өзенге қайта тастады. Бір кезде біреу жүрген сияқты дыбыс естілді. Еділ артына қараса, елік тұр екен. Еділ елікті сипап көргісі келді. Елікке жақындады. Елік үркіп артқа шегінді. Өзі неткен әдемі еді! Елік орманның ішіне кете барды. Еділ оның артынан жүрді. Біраз уақыт өткенде елік жоқ болып кетті. Еділ орманда адасып қалды. Жан жағына қарайды. Бірақ қайдан келгенін білмейді. Кенет әкесінің даусын естиді. Дауыс шыққан жаққа қарай жүріп, әкесін табады. Екеуі кері шатырға қайтады.
Әкесі от жағып, балық аулауға тағы бір рет қармақ тастайды. Күн де біртіндеп бата бастайды. Кешкі орман қандай керемет! Құстардың сайрағаны мен өзеннің сылдыры құлаққа қандай жағымды!
Кенет Еділдің қармағы қозғалып кетті.
– Әке, қараңыз! – деп қуанып айқайлады ол.
Әкесі жүгіріп келді. Екеуі бірге қармақты тарта бастады. Сөйтсе, үлкен әдемі балық ілініпті! Еділ қатты қуанды.
Әкесі күлімдеп:
– Көрдің бе, балам, шыдамды болсаң, еңбегіңнің жемісін міндетті түрде көресің, – деді.
Әкесі Еділді құшағына қысып:
– Балам, орманда жалғыз жүру қауіпті. Әрқашан бірге жүрейік, – деді. Сол күні кешке екеуі оттың жанында отырып, жаңа ғана ұсталған балықтан дәм татты.
Орман іші тыныш, аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Еділ бүгінгі күнді ешқашан ұмытпайтынын түсінді: ол орманның әдемілігін де көрді, елікпен де кездесті, ең бастысы – әкесімен бірге тамаша бір күн өткізді.
English Translation
A boy named Edil goes fishing with his father in the forest