Қазақстанда мейрамханалар өте көп, бірақ солардың ішіндегі ең танымалы – «Сандық» мейрамханасы. Сандық мейрамханасы – қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын ерекше орын. Бұл мейрамхана қазақ халқының бай мәдениетін, дәстүрін және ұлттық асханасын таныстыру мақсатында ашылған. Мұнда келген қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарының дәмін татып, ұлттық атмосфераны сезіне алады.
«Сандық» сөзі қазақ халқының көне тұрмыстық бұйымының атауынан шыққан. Бұрын сандықта бағалы заттар, киімдер және әшекейлер сақталған. Сондықтан мейрамхана атауы ұлттық құндылықтар сақталған орын деген мағынаны білдіреді.
Мейрамханада қазақтың көптеген ұлттық тағамдары дайындалады. Мысалы, бешбармақ, қазы, қуырдақ, бауырсақ сияқты тағамдар өте танымал. Сонымен қатар мұнда қымыз, шұбат сияқты ұлттық сусындардың да дәмін көруге болады. Тағамдар көбінесе дәстүрлі рецепт бойынша дайындалады, сондықтан олардың дәмі ерекше және табиғи болады.
Сандық мейрамханасының іші ұлттық стильде безендірілген. Мұнда қазақтың кілемдері, ою-өрнектері, ағаштан жасалған бұйымдар және басқа да қолөнер заттары бар. Бұл интерьер мейрамханаға ерекше атмосфера береді. Қонақтар тек тамақ ішіп қана қоймай, қазақ мәдениетімен де таныса алады. Мейрамханаға келген қонақтар ас ішіп қана қоймай, әсем ән мен күй тыңдайды.
Бұл мейрамхана жергілікті адамдарға ғана емес, шетелдік туристерге де қызықты. Туристер мұнда келіп, қазақтың ұлттық тағамдарын жеп, дәстүрі туралы көбірек біле алады.
Сандық – ұлттық тағамдар мен дәстүр үйлескен орын. Мұнда келген адамдар дәмді тамақ жеп, қазақ халқының мәдениеті мен қонақжайлығын сезіне алады.