Қайыңды – Қазақстандағы ең әдемі әрі ең жұмбақ көлдердің бірі. Көлдің суы тұнық, айналасы тау, орман. Көлдің тап ортасында көп қураған ағаш бар, суға «белдерінен» батқан. Адамдар «Қайыңды» деген атау осы көл ортасындағы ағаштарға байланысты деп ойлайды. Алайда ол ағаштар – шырша. Ал қайың көл айналасында өседі. Жаз мезгілінде көлдің суы салқын болады. Сондықтан келушілер көлге сүңгуді жақсы көреді.