Back to texts
A1 - Beginner
·
53 words
Атасы мен немересі
Kazakh Text
Қонақ бөлмеде Серіктің атасының суреті бар. Суретте Бейсен атаның жас кезі. Бейсен ата – соғыс ардагері. Қазір тоқсан жастан асты. Ата мен немере қонақ бөлмеде көп әңгімелеседі. Серіктің жасы жиырмада. Көзі қоңыр, шашы да қоңыр әрі бұйра, бойы ұзын. Өзі байсалды, әдепті. Серіктің түрі де, мінезі де Бейсен атаның жас кезіне қатты ұқсайды.