Берік қалада жұмыс істейді. Әйелі, төрт баласы бар. Өзі қырық жаста. Кейде отбасымен бірге ауылға барады. Ата-анасын, тоқсан жастағы қарт әжесін көреді. Бүкіл отбасы ауладағы өрік ағашының көлеңкесінде отырады. Әжесі Қамар бұрынғы заман туралы, өмір туралы ұзақ әңгімелер айтады. Берік сондай әңгімелерді тыңдауды жақсы көреді. Қаланың шуын, қарбаласын ұмытады. Балалық шағына қайтады.