Back to texts
Шахмат ойыны
A2 - Elementary · 63 words

Шахмат ойыны

Audio player
0:00 --:--
Беріктің бір әдеті – күнде кешке интернетте шахмат ойнайды. Берік бала кезінен шахматқа құмар. Бес жасында атасы үйретті. Мектепте достарымен бірге шахмат үйірмесіне барды. Студент кезінде түрлі сайыстарға қатысты. Бірінші, екінші орындарды иеленді. Қазір нағыз шебер болды. Интернетте Қазақстанның әйгілі шахматшыларымен, шетелдіктермен ойнайды. Кейде жеңіледі, кейде жеңеді. Берік апта сайын он-он бес жастағы балаларға шахмат ойнауды үйретеді. Сүйікті ісі осындай табыс көзіне айналды.